Әскерилердің мәртебесі. Қорғаныс министрі алматылық ардагерлермен кездесті

11 Ақпан 2023, 19:54
2616
Бөлісу:
Әскерилердің мәртебесі. Қорғаныс министрі алматылық ардагерлермен кездесті
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов алматылық ардагерлермен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға Орталық Кеңес мүшелері, «Қарулы күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалдарының төрағалары, ҰҚК Шекара қызметі мен Ұлттық ұланның ардагерлер қоғамының өкілдері қатысты. 

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың ардагерлермен Құрлық әскерлерінің әскери институтында кездесті. 

Министр Қарулы күштер әскери қызметшілері мен азаматтық персоналдың ақшалай үлесін төлеудегі өзгерістер жайлы айтты. 

2023 жылдан бастап ұшу құрамының лауазымдық жалақысы көтеріледі. Әскери медицина қызметкерлері мен әскери жоғары оқу орындарының азаматтық оқытушыларының ақшалай үлесін азаматтық бейіндегі мекемелердің жалақы деңгейіне дейін арттыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр, - делінген ведомство таратқан баспасөз хабарламасында.

2023 жыл ішінде ІІМ Ұлттық ұланымен ұқсастығы бойынша ТЖ салдарын жою кезінде әскери қызметшілерге үш еселенген ақшалай қаражат мөлшерінде төлемді арттыру да көзделген. Қорғаныс ведомствосының басшысы 2024 жылдан бастап қатардағы жауынгерлер мен сержанттық құрамдар лауазымдарының тарифтік санаттарын және әскери атағы бойынша әскери қызметшілердің жалақыларын 30%-ға арттыру жоспарланғанын алға тартты. 

Әскерилердің мәртебесі. Қорғаныс министрі алматылық ардагерлермен кездесті
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар генерал-полковник Руслан Жақсылықов ардагерлерді Үкімет деңгейінде әскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыздандыруды жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Келісімшарт мерзімі өткеннен кейін әскери қызметтен босатылған 25 жыл және одан жоғары қызмет өтілі бар әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдерін беру, 2016 жылғы 1 қаңтардан кейін қызметтен босатылған әскери қызметшілерге мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау, зейнетақы төлемдерін алушылардың МЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарының қалдығын қандай да бір шектеусіз пайдалану құқығы егжей-тегжейлі пысықталып жатыр. 

Ұсыныстар пакетінде 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейін қызметке шақырылған және 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін жұмыстан шығарылған әскери зейнеткерлерге зейнетақыны индекстеу өтініш берген сәттен емес, қызметтен босатылған күннен бастап есептеу қарастырылған.

Кездесуде атап өтілгендей, еліміздің Қарулы күштерін құрудың бастауында тұрған ардагерлер армияда болып жатқан өзгерістерді және азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мәселелерін назардан тыс қалдырған емес. 

Әр жас жігіттің кейде өзіне «кім боламын?», «қандай болуым керек?» деген сұрақтар қоюы заңды. Осы тұрғыдан алғанда Сіздердің істеріңіз жас ұрпаққа үлгі. Армия мектебінен өткен ардагерлер әскери қызметті белсенді түрде насихаттап келеді. Олар азаматтарды әскерге шығарып салуға, мектептердегі ерлік сабақтарына, Ұлы Отан соғысы, Тәуелсіз Қазақстан Қарулы күштері тарихының маңызды күндеріне арналған әскери-патриоттық акциялар мен іс-шараларға қатысып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ықпал етіп келеді, – деп атап өтті генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

«Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ төрағасы Халық қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтынбаев ардагерлер егде тартса да, әскери бөлімдердің қоғамдық өміріне және өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге белсенді қатысатынын атап өтті. Олар әрқашан өздерінің өмірлік және қызметтік тәжірибелерімен бөлісуге дайын.

Кездесуде ардагерлер Қорғаныс министрлігінің әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған бастамаларына оң баға берді. Ардагерлер білім беру жеңілдіктері, несиелік «демалыс», сарбаздар аналарының ұйымдарымен байланыстарды кеңейту, әскердегі маңызды оқиғалар туралы қоғамды кеңінен хабардар ету Қарулы күштердің имиджін нығайту үшін жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Кездесуге қатысушылар азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, Отан қорғаушы мәртебесін көтеру, әскери қызметшілер мен әскери зейнеткерлерді әлеуметтік қорғауды жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстарын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы