Әскерилер көктемгі су тасқынының алдын алуға көмектесіп жатыр

29 Ақпан 2024, 12:35
257
Бөлісу:
Әскерилер көктемгі су тасқынының алдын алуға көмектесіп жатыр
Фото: Қорғаныс министрлігі

Батыс Қазақстан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілері ТЖ қызметіне көмектесті, деп жазады BAQ.KZ.

99250 әскери бөлімінің 120-дан аса әскери қызметшісі полковник Расул Зәкіровтың басшылығымен көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарына атсалысты.  

Аумақтық қорғаныс бригадасының міндеттерінің бірі – төтенше жағдайдың алдын алып, оны жоюға қатысу. Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімшелермен, облыс, қала және Дерқұл ауданы әкімдіктерінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерімен бірлесіп әскери қызметшілер кірме жолдарды, арықтар мен су ағарларды тазартумен айналысты.

Тазарту жұмыстарының жалпы көлемі 30 шақырымнан асты. Бес мыңдай қап құм дайындалды. Алдын алу шаралары адамдардың өміріне төнген қауіпті және ұлттық экономика мен жеке меншікке материалдық залалды болдырмауға бағытталды.

Өзгелердің жаңалығы