Әскерилер Алғыс айту күнін атап өтті

1 Наурыз 2023, 14:10
2098
Бөлісу:
Әскерилер Алғыс айту күнін атап өтті
PHOTO
Фото: Арман Мухатов BAQ.KZ

1 Наурыз – Алғыс айту күні елордадағы №68665 әскери бөлімінде де аталып өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Мереке қарсаңында мерзімді қызметтің сарбаздары № 68665 әскери бөлімінің  «Отбасыммен байланыс» бағдарламасы аясында  бейнеқоңырау арқылы ата-аналарымен байланысқа шығып, алғыс сөздерін жеткізді. 

Әскерилер Алғыс айту күнін атап өтті

Бұл мереке әскери қызметшілер үшін үлкен маңызға ие. Халқымыз түрлі-түрлі сынақтардан сүрінбей шыққан ел болғандықтан, біз Қарулы күштердің сарбаздары өте жоғары деңгейде бағалаймыз. Бейнеқоңырау Қорғаныс министрінің бұйрығымен “Отбасымен байланыс” бағдарламасы бойынша әр сенбі-жексенбі сайын жүргізіліп тұрады. Ата-аналар бұл бағдарламаның іске қосылғанына риза. Сарбаздарымыздың да көңіл-күйлері жақсы! Бұл бағдарлама қосылғалы біздің де жұмысымыз жеңілдеді. Ата-аналарға да, сарбаздарға да алғысымызды білдіреміз! Негізі мұндай іс-шараларды өткізу біздің сарбаздарымға идеологиялық жағынан өте маңызды. Біз батыр елдің ұрпағымыз. Біз жауынгер елдің ұрпағымыз. Біздің сарбаздар мұны жақсы біледі, түсінеді, ұғады. Бейнеқоңыраудан бөлек, аптасына екі рет тәрбие шараларын өткізіп тұрамыз, - дейді № 68665 әскери бөлімінің “Алдаспан” арнайы мақсаттағы десанттық шабуылдау батальоны командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Даулетхан Садыханов

Қарғанды облысы, Нұра ауданы, Жанбөбек ауылында өскен взвод сержанты Александр Богдановтың жасы қазір 35-те. Қазақ тілінде еркін сөйлейді. 18 жасында борышын өтеуге келген жас жігітке әскер ұнап, келісімшартпен әскери қызметте қалуды қалаған. 

Әскерилер Алғыс айту күнін атап өтті

Ата-анама, достарыма,туыстарыма, жақындарыма, әскери қызметкерлердің баршасына алғыс білдіремін. Командирлерге рақмет! Жақсы тәрбие беріп, әскери тәртіпті түсіндіріп, оқу-жаттығу дұрыс қалай орындалады барлығын үйретті. Барша қазақ елін Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Ашық аспан, қажымас қайрат тілеймін. Көк туымыз көкте мәңгі желбірей берсін!, - дейді Александр Богданов. 

Ал Шымкент қаласының тумасы Асылхан Ерасыл әскери борышын өтеуге келгеніне 4 ай болған. Қазіргі уақытта қызмет қарулы ротасында қатардағы жауынгер. 

Әскерилер Алғыс айту күнін атап өтті

Алғыс айту күнінде үйдегілермен телебайланыс арқылы анаммен және отбасыммен сөйлестім. Жылы лебізімді білдіріп, өмірге алып келгені үшін анама алғыс айттым. Сондай-ақ Отаныма алғысымды айтамын. Осындай керемет жерде өмір сүріп жатырмыз. Отбасымды сағындым. Бірақ әскерде болғандықтан, борышымызды өтеп болған соң қайта ораламыз. Ер жігіттің міндеті - әскери борышты өтеу. Әскерге келгеніме қуанамын. Бригадаға, сержанттарға алғысымды айтамын, - дейді ол.

«Отбасымен байланыс» бағдарламасы арқылы сарбаздар тек мереке күндері емес, сенбі-жексенбі күндері де байланысқа шыға алады. 

Әскерилер Алғыс айту күнін атап өтті
Өзгелердің жаңалығы