Әскери теңізшілер Каспий теңізіне жиын-жорыққа шығады

2 Қазан 2021, 17:39
1759
Бөлісу:
Әскери теңізшілер Каспий теңізіне жиын-жорыққа шығады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрамында Әскери-теңіз күштерінің «Орал», «Сарыарқа», «Маңғыстау» зымыранды-артиллериялық корабльдері, «Алатау» мина-тралдық кораблі және «Жайық» гидрографиялық кемесі бар топ Каспий теңізінің Қазақстан секторындағы акваториясында жиын-жорық жасайды, деп хабарлады министрліктің ресми сайты.

Жиын-жорық 8 қазанға дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде әскери теңізшілер әуеде, теңізде және өзгермелі нысанаға оқ атуды жүргізеді, корабльдердің жауынгерлік оқу-жаттығуларды өткізеді, тар су айлағында, жағалау маңында және күрделі гидрометеорологиялық жағдайда жүзуін пысықтайды.

Әскери теңізшілер Каспий теңізіне жиын-жорыққа шығады

Бұдан өзге, кемелер топ құрамында бірлескен маневр жасайды. Әскери теңізшілер вахтаны жүріп бара жатып ауыстыруды ұйымдастырады, дабыл құралын пайдалана отырып ақпарат беруді жүзеге асырады, сондай-ақ корабльдің өміршеңдігі үшін күрес пен апатты жағдайдағы кемені тастап шығу жөніндегі нормативтерді пысықтайды.

Осындай жиын-жорықтар кеме экипаждарының практикалық дағдыларын жетілдіруге, Әскери-теңіз күштері жүзу құрамының әскери-теңіз машық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

 

Өзгелердің жаңалығы