Әскери теңізшілер іздестіру-құтқару жұмыстарын пысықтады

11 Маусым 2022, 17:40
2535
Бөлісу:
Әскери теңізшілер іздестіру-құтқару жұмыстарын пысықтады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Каспий теңізінің қазақстандық секторында іздестіру-құтқару іс-қимылдары бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өтті.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқу-жаттығудың жоспары бойынша теңіздегі кеменің дизель-генератор бөлігінен өрт шықты. Жалынның кесірінен кеме тоқтан толықтай ажыратылып, негізгі қозғалтқыштар істен шығып қалды. Азаматтық кеменің өрт сөндіру тобы да тілсіз жауды ауыздықтай алмайды.

Әскери теңізшілер іздестіру-құтқару жұмыстарын пысықтады

Кеменің орналасқан жері, онымен байланыстың болмауын іздестіру үшін Әскери-теңіз күштері мен Әуе қорғанысы күштері авиациясының, Маңғыстау облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің департаментінің, Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің корабльдері мен катерлерінің бірлескен іс-қимылдары ұйымдастырылды. 

Әскери теңізшілер іздестіру-құтқару жұмыстарын пысықтады

Бірлескен іс-қимылдардың нәтижесінде апатқа ұшыраған кеменің координаттары белгіленіп, өрт дерт кезінде аузыдқталды. Ал кеме жақын маңдағы портқа сүйретіп жеткізілді. 

Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде бірлескен іс-қимылдарды ұйымдастыру жөніндегі оқу-жаттығулардың негізгі мақсатына қол жеткізілді. Мұндай оқу-жаттығуларды өткізу практикасы жалғаса береді, – деп атап өтті Әскери-теңіз базасы командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары 2-дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлы.

Өзгелердің жаңалығы