Әскери соттың төрағасы ауысты

25 Сәуір 2024, 11:07
169
Бөлісу:
Әскери соттың төрағасы ауысты
Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Әскери соттың жаңа төрағасы Ғалымжан Нәсірдінов ұжымға таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов ҚР Әскери сотының судьялар корпусына жаңа төраға Ғалымжан Нәсірдіновті таныстырды. 

Іс-шараға судьялар, Бас прокуратура, Шекара қызметі, Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұлан, Сот әкімшілігі департаментінің өкілдері қатысты. 

Әскери соттың төрағасы ауысты

Н.Шәріпов Ғалымжан Патшаханұлының жоғары біліктілігін, принципшілдігін және заң үстемдігі қағидатын берік ұстанатынын атап өтіп,ол өзінің кәсібилігі мен судьялық тәжірибесін заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың сотқа деген сенімін арттыру үшін пайдаланатынына сенімін білдірді. 

Ғалымжан Патшаханұлы Нәсірдінов 1966 жылы Түркістан облысында туған.

 1991 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген; 

1996-2004 жж. - Халықаралық арбитраж қауымдастығының консультанты, Әділет министрлігі басқармасының маманы, Президент Әкімшілігі мемлекеттік-құқық бөлімінің консультанты; 

2004-2020 жж.– Ақмола облысы Астрахан аудандық сотының, Целиноград аудандық сотының, Алматы аудандық сотының, Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының төрағасы; 

2020 жылдан қазіргі тағайындалуға дейін – ҚР Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметін атқарған. 

Бұған дейін Шымкент қалалық сотының төрағасы тағайындалған болатын.

Өзгелердің жаңалығы