Әскери қызметшінің қаза болуына қатысты тергеу басталды

13 Маусым 2022, 12:59
1151
Бөлісу:
Әскери қызметшінің қаза болуына қатысты тергеу басталды

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық ұланның баспасөз қызметі Павлодардағы әскери қызметшінің қайтыс болуына қатысты мәлімдеме жасады. 

2022 жылдың 12  маусымында сағат 19.15-те келісімшарт бойынша әскери қызметші  аға  сержант А.Тұрсымбаев  5512 әскери бөлімінің (Павлодар қаласы)  көліктер паркінде жоспарлы жұмыс жасау барысында, дөңгелекті ауаға толтыру кезінде басынан өмірін қиюға алып келген жарақат алады, - делінген хабарламада. 

ҚР Ұлттық ұланы  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі кезде аталмыш дерек бойынша құқық қорғау органдарымен сотқа дейін тергеу жұмыстары басталды.  

 «Шығыс» ӨңҚ басшылығы  аға  сержант А.Тұрсымбаевтың туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.    

Басқа да ақпараттар ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес  тергеу аяқталғанша жариялануға тыйым жасалған.  

Осыған дейін Павлодардағы № 5512 әскери бөлімінде келісімшартпен қызмет атқарған 32 жастағы әскери қызметші Айбек Тұрсымбаев қайтыс болғаны белгілі болды. 

 

Өзгелердің жаңалығы