Әскери қызметшілерді жылдамдық пен төзімділікке тексерді

16 Наурыз 2022, 09:36
2174
Бөлісу:
Әскери қызметшілерді жылдамдық пен төзімділікке тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тексеруге бригаданың басқармасы мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету батальонының жеке құрамы тартылды. 

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Әскери қызметшілер жас тобына сәйкес белтемірге тартылып, жылдамдық пен төзімділікке жүгірді.

Механикаландырылған бригада штабының бастығы подполковник Дастан Мұхамеджановтың айтуынша, қай заманда болмасын жауынгердің басты қаруы оның дене дайындығы мен ақыл-ойы, олар оған өз міндеттерін орындауға көмектесті. Әскери қызметшілерден талап етілетін ең бастысы, ол әр-түрлі ауыртпашылықтарды көтере білу.

Алынған бағалар бойынша әр әскери қызметші көрсеткіштерді жақсарту немесе дене дамуын тиісті деңгейде ұстау үшін қандай бағытта жұмыс істеу керектігін түсінеді, – дейді ҚР ҚК БШ Жауынгерлік даярлық департаменті дене дайындығы басқармасының аға офицері капитан Александр Нохрин.

Қарулы күштерде мұндай тексерулер үнемі өткізіліп тұрады. Олар әскери қызметшілердің дене даярлығы деңгейін бағалауға бағытталған. Ал Шымкенттің механикаландырылған бригадасының жеке құрамы жыл сайын жоғары дайындық пен кәсібилік деңгейін көрсетуде.

 

Өзгелердің жаңалығы