Әскери қызметшілер шет тілін үйренді

18 Желтоқсан 2021, 17:52
1521
Бөлісу:
Әскери қызметшілер шет тілін үйренді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласындағы Қорғаныс министрлігінің бітімгершілік даярлық орталығында тіл үйренудің қарқынды дайындығы бойынша кезекті курс аяқталды.

Ведомство таратқан ақпаратқа сүйенсек, Қарулы Күштерден 66 әскери қызметші тіл үйрену курсын оқыған. Жарты жыл бойы оқытушылар көп ұлтты ортада тиімді қызмет ету үшін жеткілікті ауызекі сөйлеу, оқу, жазу машығын дамыту мақсатында тыңдаушыларға ағылшын тілін үйретті.

Бітімгершілік даярлық орталығының бастығы полковник Бауыржан Нығметуллин әскери қызметшілерге курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табыс етті. Ал алған білім оларға бітімгершілік миссияның міндеттерін орындауда септігі тигізерін атап өтті. Бітімгерлер бейбітшілікті қалпына келтіруді, диалог пен сенімді қалыптастыруды қолдайтын, айрықша миссияны атқарады.

Сондай-ақ орталықта Францияның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған француз тілін қарқынды оқыту курсы да аяқталды. Офицерлер DELF A2 деңгейіне сәйкес қорытынды емтиханды жақсы тапсырды.

Қазіргі уақытта Халықаралық әскери білім беру және даярлау бағдарламасы (International Military Education&Training – IMET) аясында АҚШ әскери оқу орындарына жіберуге үміткерлер тобы тілдік даярлықты жалғастыруда. Түлектердің курсты аяқтау мерзімі биыл 25 желтоқсанға жоспарланып  отыр.

Өзгелердің жаңалығы