Әскери қызметшілер «Мектепке жол» акциясын өткізуде

9 Қыркүйек 2019, 21:00
3007
Бөлісу:
Әскери қызметшілер «Мектепке жол» акциясын өткізуде
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясын қолдады.

25511986651.JPG

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа оқу жылының басында «Мектепке жол» акциясы өткізілуде. Бұл ретте «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері де тыс қалмай, 60-ге жуық оқушыларды көптен күткен оқу жылына дайындауға ат салысты. Басшылықтың шешімімен бұл акция қыркүйек айының соңына дейін жалғасатын болады.

SAM_1281.JPG

«Мектепке жол» акциясының барысында арнайы форма мен спорт формасы, сөмкелер және канцеляриялық құралдар сатылып алынды. Әскери бөлімдердегі тәрбиеші офицерлер мен әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жасау қызметінің бастамасымен көп балалы және түрлі себептермен қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға көмек көрсетілді. Бұл акция Ақтау, Атырау және Ақтөбе гарнизонында жыл сайын өткізіліп келеді.

SAM_1289.JPG

Әскери қызметшілердің отбасымен жұмысты ұйымдастыру қызметінің жетекшісі Эльвира Акынбаеваның айтуы бойынша, акцияның басты мақсаты – көпбалалы әскери қызметшілердің отбасылары, толық емес отбасындағы балалар және жетім балалар әрдайым әскерилердің назарында. 

«Айдын соңына дейін тағы да 10 шақты отбасыға жәрдем береміз деп үміттеніп отырмыз», - деп айтып кетті Эльвира Акынбаева.

8585858.jpeg

Қазақстандық армияныӊ әскери қызметшілері ұдайы негізде мұқтаж қазақстандықтарға қолұшын созып жүргенін атап өтейік. Еліміздіӊ әр әскери бөлімі бойынша әскерилер шефтік көмек көрсетіп жүрген Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлері мен балалар үйініӊ тәрбиеленушілері бекітілген. 

Өзгелердің жаңалығы