Әскери оқу орны дипломының телнұсқасын беру қағидалары бекітіледі

26 Шілде 2023, 19:24
566
Бөлісу:
Әскери оқу орны дипломының телнұсқасын беру қағидалары бекітіледі
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Әскери білім және ғылым департаменті қорғаныс ведомствосы басшысының «Әскери оқу орнын бітіргені туралы дипломның телнұсқасын қалпына келтіру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының жобасын дайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, нормативтік құқықтық акт «Білім туралы» ҚР Заңының 5-1-бабының 9) тармақшаларына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді.

«Әскери оқу орнын бітіргені туралы дипломның телнұсқасын қалпына келтіру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын қабылдау оны цифрлық форматқа ауыстырумен байланысты. Бұл қызмет түрі E-gov порталына өтінім беру арқылы көрсетілетін болады.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 8 тамызына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Өзгелердің жаңалығы