Әскери мамандықтар тізбесіне өзгеріс енгізіледі

24 Сәуір 2024, 22:49
371
Бөлісу:
Әскери мамандықтар тізбесіне өзгеріс енгізіледі
Фото: gov.kz

Қарулы күштердің Бас әскери-медициналық басқармасы "Әскери интернатурадағы дайындық қағидаларын және мамандықтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 483 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Нормативтік құқықтық акт "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының 2005 жылғы 7 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Заңының қабылдануына байланысты 22-бабы 2-тармағының 26-18) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Бұл қағида әскери-медициналық кадрларды даярлаудың барлық сатыларын қамтитын жоғары медициналық білім беру, әскери интернатура және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлау тәртібін айқындайды.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында "Ашық НҚА" бөлімінде биыл 13 мамырға дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15029008 сілтеме арқылы танысуға болады.

Өзгелердің жаңалығы