Әскери колледж: Қалай кәсіби сержант атануға болады

14 Ақпан 2023, 16:12
2346
Бөлісу:
Әскери колледж: Қалай кәсіби сержант атануға болады
Фото: Ақорда

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚМ Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, генерал-майор Жұмабек Ахметов елімізде қандай әскери колледждерде білім алуға болатынын түсіндіріп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әскери колледждер кәсіби кәсіби сержанттарды дайындаудың негізгі орталығы. Мұнда «кәсіби сержанттардың» кіші командалық құрамы сержанттық құрамының командалық лауазымдарында  келшісімшарт бойынша әскери қызметке дайындалады, - дейді ол.

Сөзінше, Қорғаныс министрлігінің қарамағында екі әскери колледж бар. Олар - Щучье қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы және Астана қаласындағы С.Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждер.

Ш.Уәлиханов атындағы әскери колледжге қалай түсуге болады?

Ш.Уәлиханов атындағы әскери колледжде «Әскери қызметтегі кіші менеджмент» мамандығы: мотоатқыштар бөлімшелерін басқару, танк бөлімшелерін басқару, зымыран және артиллерия бөлімшелерін басқару біліктілігі бойынша жалпы орта білім базасында оқу мерзімі 1 жыл 10 ай, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша кіші офицерлерді даярлайтын әскери оқу орны, - деп түсіндірді генерал-майор Жұмабек Ахметов.

Ш.Уәлиханов атындағы әскери колледжге кім түсе алады?

- әскери қызмет өткермеген, қабылданған жылы 17 жасқа толған, бірақ 22 жастан аспаған азаматтар; 

- әскери қызмет өткерген азаматтар және міндетті әскери қызмет өткеріп жатқан әскери қызметкерлер қабылданған жылы 24 жасқа толғанға дейін; 

- әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер 25 жасқа толғанға дейін  шарт жасайды.

Азаматтар арасынан үміткерлер қабылданатын жылдың 1 мамырына дейін тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарына өтініш береді. Жергілікті әскери басқару органының бастығы әскери дәрігерлік сараптама жүргізу ережесіне сәйкес жұмысты ұйымдастырады және тиісті құжаттарды өтініш берушіге арнайы тексеруге тапсырған соң алдын ала тексеруден кейін 10 жұмыс күн ішінде жолдайды, - деп айтты Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы.

Сөзінше, арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды, орташа GPA 3.0 немесе 2-ден кем емес білімі туралы құжаты бар талапкерлер әскери колледжге қабылданған жылдың 30 шілдесіне дейін келе алады. 

Қабылдау кезеңінде талапкерлер әскери колледж аумағында орналастырылады және тамақпен қамтамасыз етіледі. 

Әскери азаматтарды қабылдау келесі кезеңдер бойынша тамыздың 1-нен 20-на дейін жүргізіледі.

I кезең – кәсіби психологиялық іріктеу;

II кезең – әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережесіне сәйкес қорытынды медициналық тексеру; 

III кезең – дене шынықтыру дайындығын тексеру;

IV кезең – конкурстық іріктеу және қабылдау.

Қабылдау комиссияларының шешімдері  қабылдау жылының 21 тамызында сағат 10.00-ге дейін жарияланып, интернет-ресурстарда орналастырылады және 23 тамызда әскери колледж бастықтарының бұйрықтарымен бекітіледі.

Әскери колледжге оқуға түскен талапкерлер әскери колледж бастығымен әскери қызмет өткеру туралы шарт жасайды. 

Щучье қаласындағы әскери колледжге түсуге арналған конкурс кезінде бірдей көрсеткіштер болған жағдайда оқуға кім қабылданады:

- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 

- қосымша әскери дайындық бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарының түлектері;

- қаза тапқан әскери қызметкерлердің, қызмет өткеру кезеңінде  іс-түзсіз жоғалған немесе мүгедектік алған әскери қызметкердің балалары;

- «Алтын белгі» белгісімен марапатталған тұлғалар;

- соңғы үш жылдағы жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), республикалық және халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары қабылданады.

С.Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжге қалай түсуге болады?

С.Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде «Әскери істегі автоматтандыру және инфокоммуникациялық технологиялар», «Қару-жарақ пен әскери техникаға қызмет көрсету», «Әскери істегі кіші буын менеджменті» осы үш мамандық бойынша 2 жыл 10 ай оқу мерзімімен негізгі орта білім негізінде техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады, - деп айтты ҚМ Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, генерал-майор Жұмабек Ахметов.

С.Нұрмағамбетов атындағы колледж жеткіншектерді оқу орнының 9 сыныбын қабылдау жылы бітірген орта білім алып, негізгі орта білімді аяқтағаны туралы аттестат алған, жасы 15-тен кіші емес, бірақ 16 жастан асқан Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдайды. 

Конкурстық негізде қабылдау қабылдау жылының 1 тамызынан 20 тамызына дейін жүргізіледі. 

Жақсы және өте жақсы оқыған әскери колледждердің түлектері әскери институтқа түсе алады. 

«Жас ұлан» мектептері

Жалпы орта білім беретін Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы Республикалық «Жас ұлан» мектептерінде мемлекеттік және шетел тілдерін тереңдетіп оқыту, әскери пәндер мен дене шынықтыру дайындығы жоғары деңгейде.

Мектептердің негізгі міндеті   –  жоғары сапалы жалпы орта білім берумен қатар оқушыларға бастапқы кәсіптік бағдарлы білім беру.

Мектепте оқу мерзімі 2 жыл. Тәрбиеленушілер интернаттық жүйе бойынша ұйымдастырылған мектептерде тәулік бойы  болып, белгіленген нормаларға сәйкес бюджет қаражаты есебінен  толық қамтамасыз етіледі.

Мектепке орта білім беру ұйымының 9 сыныбына негізгі орта білім беру ұйымын аяқтап, оқуды бітіргені туралы куәлік алған, қабылданған жылы 15-тен кіші емес, бірақ 16 жастан асқан Қазақстан Республикасының жастары қабылданады. 

Денсаулығы бойынша оқуға жарамды талапкерлер оқуға қабылдау жылының 1-5 тамызы аралығында құжаттарын тапсыру үшін мектепке келеді.

Қабылдау комиссиясына құжаттардың толық пакетін ұсынбаған үміткерлер қабылданбайды. 

Мектепке қабылдау конкурстық негізде 5 (бес) кезең бойынша қабылдау жылының 6 тамызынан 20 тамызына дейін жүзеге асырылады:

I кезең – кәсіби психологиялық іріктеу;

II кезең – негізгі орта білім бағдарламасымен математика және мектепті оқыған тілі бойынша тестілеу; 

III кезең – ҚР Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы «ҚР ҚК  әскери-дәрігерлік сараптама өткізу ережелерін және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиясы жөніндегі ережені бекіту туралы» № 716 бұйрығына сәйкес соңғы медициналық куәландыру;

IV кезең – норматив бойынша дене шынықтыру дайындығына тексеру;

V кезең – конкурстық іріктеу және қабылдау. Мектепке конкурстан тыс қабылдау құқығын әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мүгедектік алған, іс-түзсіз кеткен  әскери қызметшілердің балалары пайдаланады («Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының 52-бабының 3-тармағы).

Қабылдау комиссияларының шешімдері  қабылдау жылының 21 тамызында сағат 10.00-ге дейін жарияланады және мектептің интернет-ресурстарында орналастырылады.

Өзгелердің жаңалығы