Әскери колледж кадеттері тағылымдамадан өтті

8 Ақпан 2023, 09:44
1170
Бөлісу:
Әскери колледж кадеттері тағылымдамадан өтті
Фото: дереккөз

ҚР Қорғаныс министрлігі Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжінің кадеттері Шымкент гарнизонындағы механикаландырылған құрамасының бөлімше командирі лауазымдарында әскери тағылымдамадан өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әскери тағылымдама бөлімшелерді үйлестіру кезеңінде арнайы ұйымдастырылып отыр. Бұл өз кезегінде болашақ сержанттарға әскерлерді даярлауға және жауынгерлік қолдану ерекшеліктерімен тікелей танысуға мүмкіндік береді.

Тағылымдама барысында болашақ кәсіпқой сержанттар әскери колледжде алған теориялық, практикалық дағдылары мен шеберліктерін пысықтайды. Қарулы күштердегі шынайы қызметке дайындалады. Сондай-ақ, бөлімшелерді басқарудағы лауазымдық міндеттерін атқарудың қыр-сырын меңгереді.

Әскери колледж кадеттері тағылымдамадан өтті

Әскери бөлімдегі тәжірибелік жұмыстың алғашқы күндерінен бастап кадеттер бағынышты сарбаздарды басқарудағы ұйымдастырушылық қабілеттерімен ерекшеленді. Болашақ сержанттар жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеудің қыр-сырын түсінуде жетекші бола отыра, бөлімшелердің дайындығы барысында бөлімше құрамында тактикалық іс-қимылдармен атыс жүргізуде өздерінің шеберліктерін көрсете алды, – дейді батальон сержанты Нариман Мұсаев.       

Әскери колледж кадеттері тағылымдамадан өтті

Кадет корпусының түлектері үшін бұл жаңа практикалық тәжірибе және нағыз әскери қызметті көрудің алғашқы мүмкіндігі. Жарты жылдан соң олардың әрқайсысы өз әскери қызметтерін Қарулы Күштердің әскери бөлімдерінің бірінде бастауға мүмкіндік алады.

Өзгелердің жаңалығы