Әскери бөлімнің құтқару тобы Ақмола облысындағы елді мекендерге көмектесті

9 Сәуір 2024, 01:36
295
Бөлісу:
Әскери бөлімнің құтқару тобы Ақмола облысындағы елді мекендерге көмектесті
Фото: видеодан кадр

Әскери бөлімнің құтқару тобы Ақмола облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

8 сәуір күні 52859 әскери бөлімінің жиынтық құтқару тобы Ақмола облысы Целиноград ауданының Шұбар, Қажымұқан елді мекендерінде су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілді, - делінген ведомствоның хабарламасында.

Жиынтық құтқару тобының күшімен үйлерге, көшелер және ауылдарға жақын жерде бөгет құрылыстары салынуда.

Өзгелердің жаңалығы