Әскери бөлімнің күштері ТЖ салдарын жоюға кірісті

28 Наурыз 2024, 22:10
348
Бөлісу:
Әскери бөлімнің күштері ТЖ салдарын жоюға кірісті
Фото: видеодан кадр

28237 әскери бөлімінің күштері ТЖ салдарын жоюға кірісті, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері БҚО Жымпиты елді мекенінде дереу ТЖ салдарын жою бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларға кірісті.

Әскери бөлімнің күштері жолдардың жүріс бөлігінің маңына қапшықтарды толтырып төсеу, тұрғын үйлердің көшелері мен аулаларынан еріген қар суларын айдау, сондай-ақ бас канал мен арық жүйесінің жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізуде.

Өзгелердің жаңалығы