Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың Орталық ансамблі «Наурыз» музыкалық композициясын орындап, Қазақстан тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мерекелік қойылым қазақстандықтарға арналған шығармашылық құттықтау болды және ел ішінде бірлік пен қуаныш атмосферасын қалыптастыруға бағытталды.
Ансамбль ұжымы бұл орындау арқылы халықтың ауызбіршілігін және ұлттық дәстүрлердің маңызын айқындауды мақсат еткенін атап өтті.