Әскерге баруға ынталандыру: Сарбаздар туралы сериал түсіріледі

18 Сәуір 2023, 13:52
1187
Бөлісу:
Әскерге баруға ынталандыру: Сарбаздар туралы сериал түсіріледі
Фото: автордан skolko-poluchaet.ru

Елімізде сарбаздар туралы жаңа сериал түсіріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы Тілеухан Басқожаев мәлімдеді.

Сарбаздардың өліміне қатысты саяз пікір қалыптасқан. Жалпы, әскери қызметтің тартымдылығын, беделін арттырып, жас сарбаздарды әскерге шақыруға ынталандыру үшін ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр, - деп атап өтті әділет полковнигі Сенаттың кулуарында берген сұхбатында.

Әскерге баруға ынталандыру: Сарбаздар туралы сериал түсіріледі

Айтуынша, ондай шаралардың қатарында сериал мен бейнероликтер түсіруде де қамтылған.

Бүгінгі таңда Алматыдағы құрлықтық әскери институты десант-шабуылдау факультетінде жас жауынгерлер туралы жаңа сериал түсіріліп жатыр. Жалпы 10 сериал болады деп жоспарланған. MG Production деген студия түсіреді. 2024 жылы «Хабар» телеарнасында әскери сериалға ақша бөлген. Сериалды өзіміз пысықтап жатырмыз. Болашақта әскери қызметшілердің беделін арттыруға осындай сериалдардың әсері болады деп сенеміз, - деді Тілеухан Басқожаев.

Ал әскери сериалға бөлінген қаржыға қатысты ол: «Ақпаратты сериал түсіретін студиядан біле аласыздар» деп қысқа қайырды.

Айта кетейік, бұған дейін Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлының ісіне қатысты пікір білдірді. Сонымен қатар биыл төрт айдың ішінде әскерде 11 адам қаза тапқаны белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы