Тұрлыхановтың ұлының ісі: Бас әскери прокуратура пікір білдірді

18 Сәуір 2023, 13:31
1385
Бөлісу:
Тұрлыхановтың ұлының ісі: Бас әскери прокуратура пікір білдірді
VIDEO
Фото: Егемен Қазақстан

Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлының ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, бүгінде қылмыстық іс сот қарауына жіберілген.

Бас әскери прокуратура бұл істі бақылауда ұстап отыр. Қылмыстық іс аяқталды. Бүгінде оны сот қарап жатыр, - деп атап өтті Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Сенаттың кулуарында.

Сонымен қатар ол Дәулет Тұрлыхановтың ұлы мерзімді қызметтегі сарбаз екенін айтты.

Ол қылмыс жасаған кезде демалыста болған, - деді әділет подполковнигі.

Сондай-ақ егер сотта кінәсі дәлелденсе, оны қандай жаза күтетініне тоқталды.

Сот тиісті шешімді өзі қабылдайды. Заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес, (мерзімді қызметтегі сарбаздың әрекеті үшін – ред.) командирі де жазаланады, - деді  Мақсат Қазиев.

Еске сала кетейік, Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл сүйіктісі мен екі заңгерді соққыға жыққан болатын. Оқиғаға қатысты Алматы қаласы полиция департаменті Нұрасыл Тұрлыхановтың үстінен іс қозғалғанын мәлімдеді.

Видео: автордан
Өзгелердің жаңалығы