"Әскерден жаппай кетіп жатыр". Қорғаныс министрлігі алаңдататын мәселені көтерді

30 Қаңтар 2024, 15:54
39052
Бөлісу:
"Әскерден жаппай кетіп жатыр". Қорғаныс министрлігі алаңдататын мәселені көтерді
Фото: Арман Мухатов - архив

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас шатабының бастығы Сұлтан Қамалетдинов Мәжілісте өткен комитет отырысында Қарулы күштердің жағдайы жөнінде айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол алаңдататын мәселе бар екенін айтып, статистиканы жариялады.

Әскери қызметшілердің әскерден жаппай кетуі ерекше алаңдатып отыр. Жыл сайын олардың саны азаймай отыр. 2020-2023 жылдар аралығының өзінде Қарулы Күштерден 17 065 әскери қызметші босатылды, оның ішінде 4 301 офицер және келісімшарт бойынша 12 764 әскери қызметші бар. Салыстырып қарасақ, бұл шамамен 15 бригаданың санына тең, - деп айтты Қамалетдинов Мәжілісте.

3 жылда мынадай әскерилер жұмыстан кеткен:

- 4 301 офицер;

- Келісімшарт бойынша 12 764 әскери;

- Денсаулық жағдайы және шекті жасқа жетуі бойынша – 5 289, оның ішінде 1 926 офицер;

- Келісімшарт бойынша 3 363 әскери қызметші;

- Басқа себептер бойынша– 11 776, оның ішінде 2 375 офицер.

- Келісімшарт бойынша 9 401 әскери қызметші.

Сұлтан Қамалетдинов атап өткендей, бүгінде Армияны әскери қызметкерлермен қамтамасыз ету кәсіби дайындалған кадрлардың жоғалуын өтемейтінін ескеру қажет. Осы кезеңде Қарулы Күштер қатарына 14 311 әскери қызметші қосылған.

Өзгелердің жаңалығы