Әскердегі өлім неге тоқтамай тұр? - Қорғаныс министрлігі жауап берді

26 Желтоқсан 2023, 16:20
679
Бөлісу:
Әскердегі өлім неге тоқтамай тұр? - Қорғаныс министрлігі жауап берді
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз әскер қоғамның бөлшегі екенін бірнеше рет айттық. Қоғамда не болып жатса ол әскерде де бар. Жасөспірімдердің өліміне жол берілмейді, бұған біз де келісеміз. Өкінішке қарай, мұндай факт бар. Қорғаныс министрлігі арнайы сараптама жасады. Көбіне өлім денсаулық жағдайына байланысты болады. Екіншіден, ол жол-көлік оқиғалары. Әрине әскерилердің өзара қақтығысы да болады, біз мұны жоққа шығармаймыз. Оларға қызметтік тексеріс жүргізіледі. Кінәлелер әкімшлік жауапкершілікке тартылады, - деді Сұлтан Қамалетдинов.

Өзгелердің жаңалығы