Әскерде жүрген депутаттар мемлекеттік шекараны қорғайды

20 Шілде 2023, 11:37
743
Бөлісу:
Әскерде жүрген депутаттар мемлекеттік шекараны қорғайды
PHOTO
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаттары әскердегі қызметті жақсарту қажеттілігін зерделеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәжілістің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері ҚР ҰҚК Шекара академиясы курсанттарына арналған лагерьде үш күннен бері оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.

Олар – Мәжіліс депутаттары Максим Рожин, Олжас Құспеков, Болат Керімбек және Самат Нұртаза. Курсанттармен бірге апта бойы таудағы лагерьде тұрып, жаттығады. Содан кейін депутаттар Қытай және Қырғызстанмен мемлекеттік шекараны қорғайды.

Әскерде жүрген депутаттар мемлекеттік шекараны қорғайды

Депутаттар шекара әскерлері соңғы үлгідегі техникамен жабдықталып, онда үздіктердің үздіктері қызмет етуі керек деп есептейді. Өйткені еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ең күрделі жауынгерлік міндеттерді күн сайын орындайтын – осы шекарашылар.

Тәуелсіздік шекарадан басталады. Шекарашыларымыздың дайындығы жоғары, Отан игілігі үшін адал қызмет етуге дайын екенін көріп отырмыз. Биік таудағы шекараны қорғаудың қыр-сырымен таныстық. Бұл өте күрделі де нағыз ерлерге лайық жұмыс. Лагерь командада жұмылып жұмыс істеуге үйретеді, - деді депутат Максим Рожин.

Депутаттар курсанттармен бірге шатырларда тұрады. Таулы аймақта ерте тұрып, сапқа тұрып, тактикалық тапсырмалар мен жауынгерлік дайындықтан өтеді. Олар тауға көтерілуді, толық қару-жарақпен бірнеше шақырымдық марш лақтыруды үйренеді.

Әскерде жүрген депутаттар мемлекеттік шекараны қорғайды

Күндіз ауа температурасы +32, түнде +4 болатын таулардағы шатырларда тұру. Таңертеңгі сағат 6-да ояну, қолайлы жағдайдың жоқтығы – осының бәрі біздің шекарашылар жағдайы. Бұл сабырлылыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Әскердегі қызмет – ұлдарымызды ер-азамат қылып тәрбиелейтін патриоттық орта. Жауапкершіліктің, тәртіптің не екенін түсінудің жалғыз жолы осы. Мүмкіндігінше жастарымыз осыдан өтуі керек, – дейді Олжас Құсбеков.

Жағдай мен тұрмыс-тіршілікті зерделеумен қатар, депутаттар әскери қызметшілермен әңгіме-дүкен құрып, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, еңбекақы және басқа да бірқатар жүйелі мәселелерді анықтады.

Мемлекет басшысы әскери қызметшілер үшін жағдайды жақсарту қажеттігіне бірнеше рет назар аударды. Елордаға әр сарбаздың, әр офицердің мәселесін жеткіземіз. Күрделі проблемалардың бірі – офицерлердің жалақысының төмендігі, орта есеппен 170-220 мың теңге. Бүгінгі нарықпен бұл өте аз. Тұрғын үй, әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бар. Әрбір заставада тиісті техникалық құралдардың болуы маңызды. Дрондар, заманауи қару-жарақ, көлік болуы керек, – дейді Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза.

Жоба барысында депутаттар ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіруге бағытталған жаңа заңнамалық бастамалар мен шараларды, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудегі тәсілдерді, сондай-ақ әскерде қызмет ету жағдайларын жақсарту қажеттілігін зерделеуді көздеп отыр.

Өзгелердің жаңалығы