Әскер спортшылары Қазақстан чемпионатында алтын жүлде олжалады

11 Желтоқсан 2021, 20:08
1422
Бөлісу:
Әскер спортшылары Қазақстан чемпионатында алтын жүлде олжалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спортшы-нұсқаушылары ефрейтор Гүлмарал Еркебаева мен Жәмила Бақбергенова Қазақстан чемпионатында әйелдер арасындағы күрестен екі алтын жүлде еншілеп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Бұған дейінгі 2021 жылдың қорытындысына келсек, Жәмила Бақбергенова UWW (Біріккен әлем күрес – халықаралық грек-рим күресі, еркін күрес және әйелдер күресі федерациясы) әлемдік рейтингте көш бастап, 72 келі салмақтағы сайысатын спортшылар арасындағы рейтингте бірінші орынға ие болған еді.

Турнир нәтижесі бойынша екі спортшыда Қазақстанның ұлттық құрамысына кіріп, 2022 жылғы Азия чемпионатына қатысатын болады.

Өзгелердің жаңалығы