Түркия әскері Әл-Бағдадидің бір әйелін ұстады

7 Қараша 2019, 09:54
1978
Бөлісу:
Түркия әскері Әл-Бағдадидің бір әйелін ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия әскери қызметкерлері жақында өлтірілген "Ислам мемлекеті" террор ұйымының жетекшісі Әбу Бәкір әл-Бағдадидің бір әйелін қолға түсірді. Бұл ақпаратты Түркия президенті Режеп Ердоған мәлімдеді. 

6 қарашада Анкара университетінде сөйлеген ол операцияның жай-жапсарын айтпады.

Біз оның әйелін ұстадық, бірақ шу көтерген жоқпыз. Сирия аумағында одан бөлек оның әпкесі мен күйеу баласы ұсталды - деді Ердоған. 

Ол әл-Бағдадидің әйелін әскерилер қашан қолға түсіргенін де айтпады.

Әбу Бәкір әл-Бағдадидің қанша әйелі болғаны әзірге белгісіз. AP агенттігінің жазуынша, оның төрт әйелі болған. Ирактағы құпия дереккөзге сүйенген Reuters агенттігі оның үш әйелі болғанын айтады.

5 қарашада түрік әскерилері әл-Бағдадидің әпкесін қолға түсіргенін айтқан. Расмия Авад Сирияның солтүстік-батысында жасырынған. Онымен бірге оның күйеуі, келіні, бес баласы қамауға алынған.

"Ислам мемлекеті" террор ұйымының басшысы Әбу Бәкір әл - Бағдади өткен айда АҚШ әскерінің арнайы операциясы барысында өзін-өзі жарып жіберген. Осы рейд кезінде "Ислам мемлекеті" туралы маңызды ақпараттары болуы мүмкін құжаттар табылған.

Өзгелердің жаңалығы