Қаскелеңде көппәтерлі үйде газ жарылып, бір бала қаза тапты

8 Қаңтар 2020, 15:37
3618
Бөлісу:
Қаскелеңде көппәтерлі үйде газ жарылып, бір бала қаза тапты
PHOTO VIDEO

Алматы, BAQ.KZ. Қаскелеңде көппәтерлі үйде газ ауа қоспасы жарылып, 2009 жылғы бала көз жұмды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқыс оқиға түс кезінде көппәтерлі үйдің бесінші қабытында болған.

82347741_2538452873078743_7865770120545566720_n.jpg

Газ ауа қоспасы жарылған, бірақ өрт болмаған. Жарылыс салдарынан жеті адам зардап шекті. Сонымен қатар, пәтердегі бөлме аралық қабырғалар бүлінген. Алматы обылсының әкімі Амандық Баталов зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетуді тапсырды. Тұрғындар уақытша басқа үйге көшіріледі және баспананы қалпына келтіруге қолдау көрсетіледі, - делінген баспасөз қызметі тартқан хабарламада.
82059826_2538452896412074_2609716193128349696_n.jpg

Денсаулық сақтау басқармасы жарылыстан жеті адам зардап шеккенін және 2009 жылы туған баланың жедел жәрдем келгенше көз жұмғанын хабарлады. Зардап шеккендердің жағдайы қатаң бақылауға алынған.


Өзгелердің жаңалығы