Қаскелеңде Қарасай батырға еңселі ескерткіш қойылды

10 Қазан 2019, 19:26
3442
Бөлісу:
Қаскелеңде Қарасай батырға еңселі ескерткіш қойылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы Қарасай ауданының 90 жылдығын мерекелеу аясында Қаскелең қаласындағы орталық алаңға даңқты Қарасай батырдың 11 метрлік еңселі ескерткіші тұрғызылды.

Ескерткіш жергілікті меценаттар мен кәсіпкерлердің қолдауымен жасалды. Оның ашылу салтанатына облыс әкімі Амандық Баталов
қатысты. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

EDM_8218.JPG

"Елбасының "Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар" атты бағдарламалық мақаласы шеңберінде облыста тарихи құндылықтарымызды сақтауға, ұлы тұлғаларымыздың есімін құрметтеуге бағытталған ауқымды шаралар атқарылуда. Бүгін, міне, Қарасай ауданының 90 жылдығына орай аты аңызға айналған қаһарман Қарасай батырға арнап ескерткіш ашып отырмыз. Бұл кейінгі жастарды елжандылыққа тәбиелеуге қосылған үлкен үлес деп білеміз", - деді Амандық Баталов өз сөзінде.

EDM_8242.JPG

Мұнан соң олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіров және аудан тұрғындары мен қонақтары мерейлі мерекемен көпшілікті құттықтап, ауданда жасалып жатқан игі істерді, соның ішінде Қарасай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы демеуші меценат азаматтардың елеулі еңбегін де атап өтті.

EDM_8089.JPG

Бата беріліп, ескерткіштің шымылдығы түсірілді, көпшілік батырға тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
Атап өтсек, ескерткіштің авторы - Нүркен Дәукенов. Ескерткіш қоладан қойылған, Қаскелеңнің орталық алаңына қойылды. Жалпы биіктігі – 11 метр.

EDM_8216.JPG


Өзгелердің жаңалығы