Асқар Тынысбеков электрондық саудадағы олқылықтарды атады

11 Қазан 2021, 13:25
1359
Бөлісу:
Асқар Тынысбеков электрондық саудадағы олқылықтарды атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков мәлімдеді.

Ол қоғамдық бірлестіктерден, оларға тауардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау үшін оның үлгілерін сатып алуды жүргізу функциясын беру туралы ұсыныстар келіп түскенін айтты.

Сонымен қатар комитет төрағасы электрондық саудадағы олқылықтарды атап өтті. Оның мәлімдеуінше, тұтынушылар интернеттегі алаяқтықтың көзге көрінбейтін бетінен қорғалмаған күйінде қалады.

Төраға құқықтық нормаларды жетілдіру мақсатында комитет заңнамаға өзгерістердің 2 -пакеті бойынша Тұжырымдама жобасын әзірлегенін еске салды.

Биыл маусым айында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңестің бірінші отырысында Тұжырымдама жобасы талқыланды. Құжат Ашық НҚА порталында жария талқылау үшін орналастырылған болатын.

Заңның 2-пакеті қажетті түзетулерді қарастырады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Бірыңғай жалпыұлттық коммерциялық емес ұйымның жұмыс істеуі үшін құқықтық негіз қалау ұсынылады. Бұл ҮЕҰ-ны біріктіріп, нығайтады. Омбудсмен институтын енгізу жоспарлануда, ол халық пен қоғамдық бірлестіктердің дауысы болады, - деді комитет басшысы.

Сондай-ақ ол заң жобасында ұсынылған басқа да жаңалықтармен бөлісті. Атап айтқанда, ол заңның негізгі қағидаттарының коммуналдық, қаржылық, медициналық, туристік және өзге де қызметтер салаларына таралуына тоқталды.



Өзгелердің жаңалығы