Асқар Мамин қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16 Желтоқсан 2020, 11:31
1364
Бөлісу:
Асқар Мамин қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Асқар Мамин қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қымбатты қазақстандықтар, сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдады.

Еліміз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көшбасшылығымен әлеуметтік-экономикалық даму, мемлекеттікті нығайту және халықаралық беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізді.

Қазақстан қазіргідей жаһандық экономикалық дағдарыс және пандемиямен күрес кезінде экономикалық тұрақтылықтың жоғары деңгейін көрсетіп отыр.

Экономиканың одан әрі өсуін қамтамасыз ету, халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев құрылымдық әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыру, еліміздің индустриялық, агроөнеркәсіптік және инвестициялық әлеуетін күшейту бойынша ауқымды міндеттер қойды.

Еліміз алға қойған мақсаттарға жететіне сенімдімін. Барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, игілік, татулық пен өркендеуді тілеймін!


Өзгелердің жаңалығы