Ашық сағат алаңы: Асыл тастар мен зергерлік бұйымдарды тасымалдаудағы тосқауылдар талқыланды

16 Қыркүйек 2022, 18:59
930
Бөлісу:
Ашық сағат алаңы: Асыл тастар мен зергерлік бұйымдарды тасымалдаудағы тосқауылдар талқыланды
PHOTO

 Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Ашық сағат алаңы» жобасы аясындағы кезекті жиын асыл тастар мен зергерлік бұйымдарды экспорттау мен импорттаудағы түрлі кедергілер талқыланды,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бейнебайланыс режимінде ұйымдастырылған басқосуға ведомствоның жауапты өкілдері, сынақ палаталарының қызметкерлері және қазақстандық зергерлік бұйымдарды өндірушілер мен өткізушілер қатысты.

Жиында ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов қымбат металдар мен тастардан жасалған бұйымдарды әкелуге немесе әкетуге байланысты мемлекеттік бақылау актілерін беру тәртібі жөнінде баяндады.

Алматы – асыл тастар мен зергерлік бұйымдар тасымалданатын және ішкі нарыққа әкелінетін еліміздегі басты орталық. Осыған орай Индустриялық даму комитеті бұл тараптағы мемлекеттік бақылауды оңтүстік мегаполистегі кеден бекеттері арқылы жүзеге асырады.

Ашық сағат алаңы: Асыл тастар мен зергерлік бұйымдарды тасымалдаудағы тосқауылдар талқыланды

Өз кезегінде кәсіпкерлер мемлекеттік бақылау процесі көп уақытты алатындығын айтып, бұл мәселені шешудің оңтайлы әрі тиімді жолын қарастыруды ұсынды.

Комитет төрағасы орынбасарының айтуынша, функцияларды бөлу бағалы металдар мен асыл тастарды өндіру, зергерлік бұйымдармен операцияларды мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыруға елеулі септігін тигізбек. Сондай-ақ бұл тарапта жүйелі шешімдер қабылдауға және туындаған мәселелерді дер кезінде орындауға ықпал етеді.

Басқосу барысында зергерлік өнімдер мен асыл тастарды кедендік декларациялауды «Астана-1» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматқа көшіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар да баяндалды.

Ашық сағат алаңы: Асыл тастар мен зергерлік бұйымдарды тасымалдаудағы тосқауылдар талқыланды

Бүгінде ИИДМ «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп құнды металдардан жасалған бұйымдарды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруда. Бұл жоба – қазақстандық зергерлік бизнесті қорғауға бағытталған.

Жиын соңында кәсіпкерлер зергерлік бұйымдарды сынамалау, оларды талдау және таңбалау бағытындағы жұмыстарды жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын жеткізіп, бағалы металдардың заңсыз айналымына тосқауыл қою шараларын күшейту қажеттігін айтты.

Министрлік өкілдері іскер топ өкілдерінің ұсыныстарының ескерілетінін және арнайы сараптама жүргізілетінін мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы