Ashyq қосымшасына вакцина алғандар енгізіледі

<p style="text-align:justify;"> <strong>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Денсаулық сақтау министрінің халық алдында есеп беру кездесуінің қортындысы туралы өткен брифингте айтты. </strong> </p>

 5 Мамыр 2021, 17:18
5 Мамыр 2021, 17:18
1314

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Денсаулық сақтау министрінің халық алдында есеп беру кездесуінің қортындысы туралы өткен брифингте айтты.

Ashyq қосымшасы «қызыл» және «сары» аймақтағы бизнес субъектілерінің ашылуына мүмкіндік береді. Ashyq бағдарламасына вакцинация әлі біріктірілген жоқ. Онда қазір ПТР-сынамасын тапсырғандар ғана шығады, - деді ол.

Цой болашақта вакцина алғандарды қосымшаға тіркеу көзделіп отырғанын айтты.

Ashyq қосымшасына вакцина алғандарды интеграциялауды жоспарлап отырмыз. Вакцинациялаудың екі кезеңінен өткен адамдар көрсетіледі. Оларға «жасыл» мәртебесі беріледі, - деді Цой.

Айта кетейік, министр вакцинациялау елде қалай жүріп жатқаны туралы айтып берген еді.
Наверх