Ашық аспан астындағы концерт

2 Маусым 2021, 17:15
2825
Бөлісу:
Ашық аспан астындағы концерт

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымы Халықаралық балаларды қорғау күні аясында Тұңғыш Президент саябағында симфониялық оркестрінің концертін өткізді.

Ашық аспан астындағы концерт

Ұжымның көркемдік жетекшісі әрі дирижеры – Берік Батырхан.

Халықаралық балаларды қорғау күні 1949 жылы Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы конгресінің шешімімен құрылды, алғаш рет 1950 жылы атап өтілді. Қазіргі уақытта Халықаралық балаларды қорғау күні әлемнің 50-ден астам елінде атап өтіледі, бұл гүлденген балалық шақтың маңыздылығын жалпыға бірдей түсінуді білдіреді. Бұл мереке ересектерге әр баланың бақытты балалық шаққа құқығы бар екенін еске салады.

Ашық аспан астындағы концерт

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған концерт бағдарламасында нағыз хитке айналған әлемдік классика жауһарлары орындалды. Олардың қатарында  Ж.Бизе «Кармен» және Дж. Россини «Вильгельм Тель» операларынан увертюралар, ағылшын композиторы Э. Элгардың романтикалық пьесасы - Salut d’Amour, флейтаға арналған танымал туындылар - И. С. Бахтың си минор сюитасынан алынған «Шутка», гобой авторы Э.Морриконе (жеке орындаушы - Жәмила Далишева), «Габриэль гобойы», Л.Миранданың «Моана» мультипликациялық фильмінің саундтрегі орындалды - дейді ұйымдастырушылар.

Ашық аспан астындағы концерт

Концертке Brasswood quintet брасс-квинтеті де қатысты. Оның құрамында: трубада – Әлихан Жиганшин мен Абзал Середа, валторнада – Нұрислам Даурбай, тромбонда – Жігер Уәкіл, тубада – Біржан Бақдәулет.

Brasswood quintet К.Сталлинг, Л.Армстронг, Дж.Холкомба қатарлы әлемдік өнер иелерінінің шығармаларын орындады.

Концертті Иоганн Штраустың атақты «Радецкий Марш» шығармасы аяқтады.

Өзгелердің жаңалығы