АШМ: Жыл соңына дейін қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 1,3 млрд долларға дейін жеткізу көзделген

23 Қараша 2019, 05:36
1811
Бөлісу:
АШМ: Жыл соңына дейін қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 1,3 млрд долларға дейін жеткізу көзделген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту комитетінің Ақмола облысында өткен көшпелі мәжіліс отырысына қатысты.

Ведомстводан хабарлағандай, күн тәртібінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Жиында баяндама жасаған ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров еліміздегі ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемін ұлғайту және өңделген өнімдерді экспорттау бағытындағы министрлік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.
Ағымдағы жылдың 9 айында Ауыл шаруашылығы шикізатынан азық-түлік өндіру көлемі 2,5%-ға өсіп, 1 трлн 197,9 млрд теңгеге жеткен. Мысалы, ет және сүт өңдеу саласында өндіріс өсімі 109,8% және 101,8% құрады. Жалпы жыл басынан бері Қазақстанда 400 млрд теңгеге ет-сүт өнімдері өндірілген. Бүгінде еліміздегі дайын өнімнің басым бөлігі өзге елдерге сатылады. Биыл экспорт көлемі өткен жылғы көрсеткіштен жоғары болып отыр. Ағымдағы жылдың 9 айында ол 757 млн долларды құрады, оның 77% ұнға, өсімдік майына, сүт өнімдеріне, кондитерлік өнімдерге, балық өнімдеріне, минералды және газдалған суларға, шоколадқа, макаронға және құс етіне тиесілі. Жыл соңына дейін Ауыл шаруашылы министрлігі қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт көлемін 1,3 млрд долларға дейін жеткізуді жоспарлап отыр, - деді Айдарбек Сапаров.
Ішкі нарық сондай-ақ азық-түліктің негізгі түрлерімен қамтамасыз етілген. Дегенмен, шетелдік тауарларды әкелу көлемі 6 бағыт бойынша әлі де жоғары болып отыр. Қазақстанда импорттық ет - 51%, алма - 35%, ірімшік және сүзбе – 46,5%, шұжық өнімдері - 40,4%, қант - 46%, қайта өңделген балық - 49% құрады.
Бізде шикізат жетіспеушілігі, қымбат тауарлар немесе жабдықтардың тозуы проблемасы бар. Сондай-ақ отандық нарықтың импорттық тауарлардан қорғалмауы проблемалық мәселе болып табылады. Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан қазіргі уақытта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау арқылы отандық кәсіпорындарды көтеру, жаңғыртуға және импорттың үлесін төмендетуге бағытталған жол картасы жүзеге асырылудап түйіндеді, - деді А.Сапаров.


Өзгелердің жаңалығы