АШМ Telegram мессенджерінде чат-ботты іске қосты

13 Қаңтар 2021, 09:15
1529
Бөлісу:
АШМ Telegram мессенджерінде чат-ботты іске қосты

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР АШМ Telegram-боты пайдаланушыларға жедел анықтамалық ақпарат пен министрліктің халыққа және фермерлерге көрсететін мемлекеттік қызметтерін алуға көмектеседі.

2019-2020 жылдары «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы және АӨК саласын цифрландыру жөніндегі міндеттер шеңберінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі барлық мемлекеттік қызметті оңтайландырып, электрондық форматқа аударды. Атқарылған жұмыстар туралы толық ақпарат өткен жылдың желтоқсан айында ведомствоның мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы 2020 жылғы қызметі туралы есеп барысында жарияланған болатын.

Келесі кезеңде АШМ өтініштерді беруді және анықтамалар мен мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдететін құрал - ресми Telegram-бот енгізді.

Agro-bot қолданушылармен қазақ және орыс тілдерінде «тілдеседі», сұраныстарға жауап береді, субсидиялау, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, ветеринария, өсімдіктерді қорғау және карантин, лицензиялау, жер қатынастары және т.б. мәселелер бойынша анықтамалық ақпаратты жедел бере алады. Электрондық қызметке тапсырыс беру үшін бот пайдаланушыны egov.kz порталының қажетті парақшасына өткізеді.

Agro-bot арқылы ұсыныстар, шағымдар қалдырып, сондай-ақ ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және ведомствоның баспасөз қызметімен жедел байланыс орнату мүмкіндігі бар.


 

 

Өзгелердің жаңалығы