АШМ отандық тыңайтқыш өндірушілерге аванстық субсидия беру туралы бұйрық шығарды

15 Наурыз 2024, 14:30
224
Бөлісу:
АШМ отандық тыңайтқыш өндірушілерге аванстық субсидия беру туралы бұйрық шығарды
Фото: АШМ баспасөз қызметі

Ағымдағы жылдың 13 наурызынан бастап Ауыл шаруашылығы министрінің отандық тыңайтқыштарды аванстық субсидиялау тәсілін енгізу туралы жаңа бұйрығы күшіне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа тәсіл отандық тыңайтқыштар үшін субсидиялар нормасын 50%-дан 60%-ға дейін ұлғайтуды көздейді, ал шетелдік өнім үшін ол тыңайтқыштардың ең төменгі құнының 50% деңгейінде қалады.

Субсидиялаудың бұл түрі шаруаларға тыңайтқыштарды алдын ала арзандатылған бағамен алуға мүмкіндік берсе, ал отандық өндірушілерге сатудың кепілдендірілген көлемі қамтамасыз етіледі.
Бұл тәсілді іске асыру арқылы тыңайтқыштарды пайдалануды ұлғайтуға ықпал етеді және химия өнеркәсібін дамытуды ынталандырады және өз кезегінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру деңгейін арттыру бойынша алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі.

Сонымен қатар, осы бұйрық негізінде 2023 жылы сатып алынған тұқымдарды, минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтерді субсидиялауға өтінім беру мүмкіндігі көзделген.

Өзгерістермен толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://zan.gov.kz/client/#!/doc/194214/kaz

Өзгелердің жаңалығы