АШМ: Егіс жұмыстарының мәселесін үлестіруге арналған штаб құрылды

6 Сәуір 2022, 16:54
1348
Бөлісу:
АШМ: Егіс жұмыстарының мәселесін үлестіруге арналған штаб құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті. 

Биыл жылғы көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы және сапалы жүргізу бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ауыл шаруашылығы министрлігі бірнеше рет облыс әкімдіктерімен кеңестер өткізді. Соның ішінде, Мемлекет басшысының көктемгі егісті өткізуге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің дайындығын қайта тексеру қажеттілігі туралы тапсырмасынан кейін өңірлермен фермерлердің тікелей қатысуымен кеңес өткізілді. Әрине, проблемалар бар, ең алдымен әлемдегі оқиғаларға байланысты. Сонымен қатар, әкімдіктер мен фермерлер егіс науқанын өткізуге дайындығын растады, - деді министр. 

Қарашөкеевтің айтуынша, егіс жұмыстарын жүргізуге, АШТӨ-ні тұқыммен, агрохимиямен, техникамен қамтамасыз етуге, қаржыландыруға байланысты барлық мәселелерді үйлестіру мақсатында Республикалық жедел штаб құрылды. Оның құрамына барлық мүдделі органдар мен ұйымдар, сондай-ақ облыстар әкімдерінің орынбасарлары енгізілгенін атап өтті. 

Сондай-ақ министр фермерлерді қамтамасыз етудің жекелеген бағыттарына тоқталды. 

Егіс науқанын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы құрылымдарында 144 мыңнан астам трактор, 4,7 мың бірлік өнімділігі жоғары егіс кешендері, 77 мың тұқым сепкіш, 221 мың топырақ өңдеу құралдары бар. Бір мезгілде бірнеше технологиялық операцияларды орындайтын қазіргі заманғы егіс кешендерін пайдалану дәнді дақылдар алаңдарының 70% - ын себуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, - деді Ербол Қарашөкеев орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. 

Өзгелердің жаңалығы