АШМ: Егіннің 60%-ға жуығы жиналды

27 Қыркүйек 2023, 12:47
651
Бөлісу:
АШМ: Егіннің 60%-ға жуығы жиналды
Фото: АШМ

Бүгінгі таңда Қазақстанда 10,3 млн гектар егін жиналды, бұл жоспарланған алаңның 59,9%-ын құрайды, деп хабарлайды BAQ.KZ АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

9,5 млн ауыл шаруашылығы дақылдары, оның ішінде 6,9 млн тонна бидай орылды.

Биылғы вегетациялық кезеңде фермерлер бірқатар қиындыққа тап болды. Оңтүстік аймақтарда құрғақшылық болды, ал солтүстігінде қалың жаңбыр жауды. Бұл егіннің жай-күйіне және жиналған дақылдың сапасына кері әсер етті.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, астықтың күтілетін өнімі Қазақстанды нан, ұн және макарон өнімдерімен толық қамтамасыз етуге жеткілікті болады. Елімізде өткен жылғы жоғары сапалы астықтың мол қоры бар. Өнімділіктің төмендеуіне байланысты экспорттық әлеует төмендейді, алайда республика дәстүрлі экспорттық нарықтардағы өз позициясын сақтайды.

1-сұрыпты ұннан жасалған бидай нанының бағасын тұрақтандыру үшін Азық-түлік корпорациясы ішкі нарықты реттеу қызметі арқылы азық-түлік астығын сатады. Бұл механизм алғаш рет өткен жылы қолданылған болатын. Биыл да жалғасатын болады. Нәтижесінде нан пісіру кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз етіліп, нан отандық нарыққа белгіленген бағамен шығады, - делінген министрлік хабарламасында.

Қазір маңызды міндет – фермерлерге қажетті қолдау көрсету. Атап айтқанда, астықты кептіру үшін жеңілдетілген дизель отынын бөлу мәселесі пысықталды. Облыстардың астық кептіруге арналған отынға жалпы қажеттілігі 73 мың тонна. Оның 19 мың тоннасын қолда бар резерв есебінен жабу жоспарлануда.

Барлық астық қабылдау кәсіпорындарының астықты қабылдауға дайындығы қайта тексерілді. Олардың тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз ету тапсырылды. Әкімдіктер астық кептіру қызметінің бағаларын көтермеу мәселесін бақылауға алды, тарифтерді негізсіз көтеру фактілері анықталса, тиісті шаралар қабылданатын болады. Республика бойынша астықты сақтаудың жалпы сыйымдылығы 29,9 млн тоннаны құрайды.

Сондай-ақ фермерлер үшін айыппұл санкцияларын қолданбай несиелерді төлеу мерзімін ұзарту мәселелері жеке пысықталуда, бұл болашақта олардың несие тарихының бұзылмауына мүмкіндік береді.

Азық-түлік корпорациясы қолда бар астық қорының тұқым ретінде пайдалану жарамдылығына сараптама жасауды бастады. Параметрлерге сәйкес келетін астық бөлек жиналады. Облыстардың өтінімдері бойынша мұндай астық тұқымдары егін егетін фермерлерге тауарлық кредит ретінде берілетін болады.

Өз кезегінде, жоспар бойынша 1,9 млн тонна астық тұқымы қажет болса, қазіргі уақытта оның 695,4 мың тоннасы немесе 35%-ы жиналды. Соңғы жылдардағы талдау көрсеткендей, егілген тұқымның шамамен 60%-ы отандық үлеске тиесілі.

Өзгелердің жаңалығы