АШМ: 1,1 млн гектар аумақ шегірткеге қарсы өңделді

14 Маусым 2024, 11:49
229
Бөлісу:
АШМ: 1,1 млн гектар аумақ шегірткеге қарсы өңделді
Фото: АШМ ресми сайты

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапарымен Қостанай облысында барды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 маусымда басқарма басшысы өңірдегі жағдаймен жеке танысып, аумақтардағы химиялық өңдеу жұмыстарының барысы мен сапасын тексеру үшін өңірлерді аралауда.

Айта кетейік, Қостанай облысы Ақтөбе және Түркістан облыстарымен қатар биыл шегірткенің ең көп таралуы болжанатын өңірлердің қатарында.

Жалпы, мұнда 775,6 мың гектар аумақта жұмыс жүргізу жоспарлануда.

АШМ: 1,1 млн гектар аумақ шегірткеге қарсы өңделді

Бүгінгі таңда 57 арнайы техниканың көмегімен 120 мың гектардан астам алқап өңделді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Арқалық қаласында, Амангелді, Жангелді, Қамысты және Науырзым аудандарында кешкі және таңғы уақытта химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 500-ге жуық адам, оның ішінде фитосанитарлық диагностика орталығының 129 сарапшысы қамтылған мониторингтік іс-шаралар жалғасуда. Мамандар 339 мың гектар жерді зерттеді.

Министр Амангелді ауданы, Арқалық қаласындағы бірнеше шаруа қожалықтарын, егіс жұмыстары жалғасып жатқан алқаптарды аралап көрді, шаруа қожалықтарының басшыларымен және мердігерлермен кездесті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен шегіртке зиянкестерімен күрес белсенді жалғасуда. Бұл мәселе Премьер-Министрдің ерекше бақылауында. Біздің алдымызда шегіртке зиянкестерімен күресті тиімді ұйымдастыру міндеті тұр. Қажетті көлемде дәрі-дәрмек сатып алу және жұмысты бастау бойынша дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде жоспарланған 2,5 миллион гектар залалсыздандыру алаңының 1,1 миллион гектардан астамы өңделді. Техника жеткілікті, өңірлер дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Барлық өңдеу жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде, — деді Айдарбек Сапаров.

АШМ: 1,1 млн гектар аумақ шегірткеге қарсы өңделді

Айта кетейік, Ауыл шаруашылығы министрлігі қорғаныс шараларын дер кезінде ұйымдастыру бойынша кешенді шараларды қолға алып жатыр. Мәліметтер мен өңдеу нәтижелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ресми арналары арқылы халыққа және БАҚ-қа жүйелі түрде жеткізіліп отырады.

Өзгелердің жаңалығы