Әшімбаев Башқұртстан Басшысымен кездесті

28 Қыркүйек 2021, 20:56
4037
Бөлісу:
Әшімбаев Башқұртстан Басшысымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасының Радий Хабировпен кездесті.

Өз сөзінде Сенат Спикері Қазақстан үшін Ресей Федерациясы одақтас және стратегиялық серіктес мемлекет екенін атап өтті. Екі ел арасында өзара түсіністік пен сенімге негізделген қарым-қатынас орнағанын тілге тиек еткен Мәулен Әшімбаев осыған байланысты Башқұртстан Республикасымен сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және саяси бағыттарда екіжақты ынтмақтастықты одан әрі нығайта түсудің маңызды екеніне назар аударды.

Біздің елдеріміз арасында депутаттық корпус деңгейінде ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша тұрақты диалог орнады. Ресей Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрайымы Валентина Матвиенконың Қазақстанға ресми сапары кезінде екі елдің парламентаралық өзара іс-қимылын әрі қарай белсенді түрде дамыту жөнінде келіскен едік. Федералды Жиналысы Федерация Кеңесіне Башқұртстанның атынан сайланған депутаттары біздің бірлескен комиссияның жұмысына немесе Парламенттеріміздің екі палатасы аясындағы басқа да іс-шараларға белсенді қатыса алады, – деді Мәулен Әшімбаев.

Кездесу соңында Сенат Төрағасы достыққа негізделген қазақ-башқұрт қарым-қатынасы екі халықтың ортақ тарихи жетістігі және ортақ мүдделерді қамтитын бағыттардағы табысты серіктестіктің берік іргетасы екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы