Әшімбаев: Астанамыздың өсіп-өркендеуіне үлес қосу – баршамыздың міндетіміз

3 Шілде 2021, 19:11
2074
Бөлісу:
Әшімбаев: Астанамыздың өсіп-өркендеуіне үлес қосу – баршамыздың міндетіміз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Елорда күніне арналған мерекелік іс-шараларды дәстүрлі түрде ашатын Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсімі өтті.

Рәсім барысында Мемлекет басшысы айтқандай, көк туымыз – егемен еліміздің ең басты рәмізі. Сондықтан тәуелсіздікті нығайту, елдігімізді еңселі ету және бірлігімізді бекемдеу тұрғысынан бұл іс-шараның маңызы зор. Тұңғыш Президентіміздің төл туындысы саналатын елордамыз қазіргі таңда барша қазақстандықты ортақ мүддеге тоғыстыратын орталық ретінде қымбат. Елбасымыздың ерік-жігерінің арқасында бас қаламыз аз уақыттың ішінде азаттығымыздың айнымас символына айналды. Енді меже – осы биіктен төмендемей, бұдан да зор белестерді бағындыру - дейді ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Салтанатты рәсімде Мемлекет басшысы елдік мұратты көздейтін істерде елордалықтар барша халыққа үлгі көрсетуі керектігіне назар аударды.

Соның ішінде екпе салу науқаны мен шектеу шараларын сақтауда астаналықтар алдыңғы қатарда болуға тиіс екенін айрықша атап өтті. Сондай-ақ, іс-шара аясында Президентіміз жоғары әскери оқу орнының үздік түлектеріне офицер погонын салтанатты түрде тапсырып, мемлекетке мүлтіксіз қызмет ету, антқа адал болу және тәуелсіз елімізді қорғау қастерлі парыз екенін айтты. Шын мәнінде, бас қаламыздың мәртебесі – еліміздің беделі. Сондықтан астанамыздың өсіп-өркендеуіне үлес қосу – баршамыздың абыройлы міндетіміз - деді Сенат спикері.

Өзгелердің жаңалығы