Әшімбаев: Әділетті Қазақстан - бәріне тең мүмкіндік жасау

5 Қыркүйек 2023, 14:33
1623
Бөлісу:
Әшімбаев: Әділетті Қазақстан - бәріне тең мүмкіндік жасау
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Елордада боччадан турнир өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Атлаған іс-шараға Парламент Сенатының Төрағасы – Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев қатысты.

Мемлекет басшысы инклюзивті даму мәселелеріне әрдайым баса мән беріп келеді. Әділетті Қазақстан дегеніміз де баршаға тең мүмкіндік жасауға табан тірейтіні анық. Осы ретте боччадан өтіп жатқан осындай сайыстар Қазақстанда инклюзивті қоғам құруға өз үлесін қосып отыр деп айтуға толық негіз бар. Алдағы уақытта да бәріміз бірлесіп, үлкен нәтижелерге қол жеткіземіз деп сенемін, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасы дерегінше, қазіргі таңда еліміз бойынша 20-дан астам бочча үйірмесі жұмыс істейді.

Ол жерлерде 150-ге жуық ерекше қажеттілігі бар спортшы жаттығады. Биыл біз ұлттық құрамамызды жасақтадық. Құрама халықаралық жарыстарда еліміздің намысын қорғайды. Спортшыларымыздың ірі сайыстарға қатысуының өзі үлкен жетістік. Сондай-ақ бұл – әр адамның өз мүмкіндіктерін іске асыруына жол ашатын толық инклюзивті қоғам құру ісіндегі маңызды қадам, – деді Мәулен Әшімбаев.

Өзгелердің жаңалығы