"Әсем киім – әйел ажары". Астанада сән киім байқауы өтіп жатыр

30 Қазан 2022, 15:10
2382
Бөлісу:
"Әсем киім – әйел ажары". Астанада сән киім байқауы өтіп жатыр
PHOTO

Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен ІІ республикалық мұсылман әйелдерінің "Әсем киім – әйел ажары" сән киім байқауы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы әлеуметтік желіде жазды.

Асыл дініміз Исламда әйелге айрықша мәртебе берілген. Имандылық, ізеттілік, қайырымдылық, жанашырлық жолын ұстанған халқымыз қыз-келіншекті құрметтеудің үлгісін көрсеткен. Қызды құрметтеуге келгенде оны тіпті төрге шығарған, ал тәрбиесіне келгенде қызды қырық үйден тыйған. Осы тыйымның бәрі әйелдің иманы мен құрметін, ары мен ұятын қорғайды. Расында, қазақ халқында: «Әйел – бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген нақыл сөз бар. Мұның мағынасы өте терең. Өйткені, кез-келген адамның анасы - оның алғашқы медресесі. Адам баласы алғашқы тәрбиені анасынан алғандықтан, бұл ретте сіздерге жүктелер міндет аса үлкен. Алла жар болсын, – деді байқауға қатысқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

"Әсем киім – әйел ажары". Астанада сән киім байқауы өтіп жатыр

Айта кетсек, іс-шараның мақсаты – әйел-қыздарға шариғат пен дәстүрімізге сай, қазіргі заман талабына орай орамал мен мұсылманша киім үлгілерін ұсыну. 

"Әсем киім – әйел ажары". Астанада сән киім байқауы өтіп жатыр
"Әсем киім – әйел ажары". Астанада сән киім байқауы өтіп жатыр
"Әсем киім – әйел ажары". Астанада сән киім байқауы өтіп жатыр
"Әсем киім – әйел ажары". Астанада сән киім байқауы өтіп жатыр


Байқауда облыс-өңірден келген жиырмаға жуық дизайнердің ұсынған 200-ден астам мұсылманша киім үлгілері көрсетілуде. Байқау соңында жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталады.

"Әсем киім – әйел ажары". Астанада сән киім байқауы өтіп жатыр
Өзгелердің жаңалығы