«Asar Ume» қоғамдық қоры теріскейлік жалғызбасты аналарға баспана тарту етті

30 Шілде 2022, 11:50
3627
Бөлісу:
«Asar Ume» қоғамдық қоры теріскейлік жалғызбасты аналарға баспана тарту етті
PHOTO
Фото: автордан

Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Петропавлда «Asar joly» форумы ұйымдастырылды. Қайырымдылық шарасы барысында тағдыр тәлкегіне түскен 2 көпбалалы жалғызбасты анаға үй алуға арналған сертификаттар табысталып, қаржылай, заттай сыйлықтар берілді.

Қайырымдылық шарасның өтуіне «Asar Ume» қоғамдық қоры мұрындық болды. Ұйым 2019 жылы құрылған болатын. Содан бері 450-ден астам отбасына баспана берген. Қордың негізін салушы Асхат Нұрмашевтің айтуынша, игі шара қоғам қолдауына ие болып отыр. Сондықтан ол болашақта да жалғасын таппақ.

«Asar Ume» қоғамдық қоры теріскейлік жалғызбасты аналарға баспана тарту етті

Біз өмірде қиналып жүрген адамдарға материалдық көмек көрсетіп қана қоймай, білім алуға, сана-сезімін өзгертуге септесеміз. Себебі баспаналы болуға жәрдемдесу аздық етеді. Біз көмек қолын созатын жандардың көбі көрген қиындықтан еңсесі түскен азаматтар. Оларды жігерлендіру керек. Масылдық пиғылға да қарсы екенімізді айта кеткен жөн. Біз барлық қоғамды өзгелерге жақсылық жасауға жұмылдырамыз. Осы екі аптада 69 млн теңге жиналды. Оның барлығы қарапайым азаматтардың 1000-2000 теңгеден қосып жатқан үлесі мен бизнесмендердің қолдауы. Өз кәсібін ашып, аяғынан тік тұрғысы келген адамдарға да қол ұшын береміз, - дейді Асхат Нұрмашев.

«Asar joly» республикалық форумы 16 шілде күні ел астанасында басталды. Қайырымдылық шарасын Қарағанды және Көкшетау қаларалы жалғады. Ал бүгінгі форум Қызылжар төрінде ұйымдастырылды.  Қайырымдылық керуені 20 мың шақырым жолды жүріп өтпек.

«Asar Ume» қоғамдық қоры теріскейлік жалғызбасты аналарға баспана тарту етті
«Asar Ume» қоғамдық қоры теріскейлік жалғызбасты аналарға баспана тарту етті

Бүгін еліміздің белсенді, отаншыл қауымының форумына куә болып отырмыз. Ата-бабамыздың асарлатып көмек көрсету дәстүрі қайта жанданып келеді. Бұл баршамызды қуантады. Әлеуметтік желілердің мүмкіндігін ұтымды пайдаланып, көпшілікке көмек көрсетіп отырған қоғамдық қорлардың бірі – «Asar Ume». Ауқымды шараларды бірлесе атқару – әлеуметтік қатынастарды нығайтады. Мемлекет басшысы да осы міндетті алға қойып отыр, – деді жиынға қатысан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова.

«Asar Ume» қоғамдық қоры теріскейлік жалғызбасты аналарға баспана тарту етті

Баспаналы болу  бақытына ие болған жандардың бірі – Айнагүл Байкенова. 6 балалы анаға Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл ауылынан үй сатып алу үшін 8 млн теңгенің сертификаты табысталды. 

«Asar Ume» қоғамдық қоры теріскейлік жалғызбасты аналарға баспана тарту етті

Балаларымның алды 20, кішісі 9 жаста. Тұңғышым колледжде оқып жүр. Күйеуіммен бірге тұру мүмкін болмады, содан ажырасып кеттік. Алимент төлейді. Өзім аудандақ ауруханада тазалықшымын. Сол кірістің барлығын қосқанда жалдап тұрып жатқан үйдің ақысы мен азық-түліктен артылмайды. Маған бүгін осындай сый жасалады деп күтпеген едім. Балаларымның өз шаңырағы болғанға не жетсін. Қатты толқып тұрмын, осы қорды ұйымдастырушыларға, көмектесіп жатқан халыққа алғысым шексіз, – дейді Айнагүл Байкенова.

Қазақстанның түкпір-түкпірінде «Asar Ume» қоғамдық қорының құрамында 300-ге тарта ерікті жұмыс істейді. Волонтерлердің айтуынша, көмек көрсетілетін отбасылар таңдалып, тисті құжаттары жан-жақты тексеріледі. Қор жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында халыққа есеп беріледі. Петропавлда өткен форумда да көпшілік қоғамдық ұйымның әділ жұмыс істейтініне көз жеткізді. 

«Asar Ume» қоғамдық қоры теріскейлік жалғызбасты аналарға баспана тарту етті
Өзгелердің жаңалығы