Асанов Израильдің Қазақстандағы елшісімен кездесті

22 Желтоқсан 2023, 20:36
613
Бөлісу:
Асанов Израильдің Қазақстандағы елшісімен кездесті
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Сенат төрағасының орынбасары Жақып Асанов Израильдің Қазақстандағы елшісімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенат төрағасының орынбасары жүздесу барысында екіжақты қарым-қатынастың маңызды бөлігі Қазақстан Парламенті мен Израиль Кнессеті арасындағы ынтымақтастық екенін атап өтті.

Өзара іс-қимылдағы белсенді қарқынды сақтай отырып, парламентаралық байланыстарды одан әрі дамыта беру керек. Біздің депутаттар израильдік әріптестердің заң шығару тәжірибесін, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық және инновациялық дамуды құқықтық қамтамасыз ету, парламенттік бақылауды жүзеге асыру саласындағы тәжірибесін зерделеуге мүдделі болып отыр, - деді Жақып Асанов.

Тараптар кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа, сондай-ақ су ресурстарын пайдалану саласына қатысты мәселелерді талқылады. Төраға орынбасары елімізде жүзеге асып жатқан ұлттық экономиканы әртараптандыруға бағытталған реформалар туралы елшіні хабардар етті.

Эдвин Натан Ябо Глусман өз кезегінде екі елдің ынтымақтастығын одан әрі нығайтудың маңыздылығына тоқталды және мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап Израиль Қазақстанды өзінің сенімді саяси және экономикалық серіктесі ретінде қарастыратынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы