Асанбай Асқаровқа-100 жыл. Құжаттар көрмесі өтті

15 Қыркүйек 2022, 19:57
6271
Бөлісу:
Асанбай Асқаровқа-100 жыл. Құжаттар көрмесі өтті

Мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың 100 жылдық мерейтойына орай туған жері Жамбыл облысы Мерке ауылында көрме өтті, деп хабарлайды BAQ.КZ тілшісі.

«Архив және қоғам. Тәуелсіз Қазақстан тұлғалары: Асанбай Асқаров» атты көрмені ҚР Президентінің Архиві ұйымдастырды.

Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігі дайындаған мерейтойлық іс-шаралар аясында өткен көрме А.А. Асқаровтың есімі берілген №1 мектеп-гимназиясында көпшілікке ұсынылды. 

Көрмеге Асанбай Асқаровтың өмірі, қоғамдық және қызметтік іс-әрекеттері бейнеленген құжаттар қойылды. 

Асанбай Асқаровқа-100 жыл. Құжаттар көрмесі өтті

Көрмеге А.А. Асқаровтың Халық депутаттары кеңесі облыстық атқару комитетінің және Жамбыл облыстық Коммунистік партия комитетінің төрағасы, Алматы, Шымкент облыстық Коммунистік партия комитеттерінің бірінші хатшысы болып жұмыс істеген кезеңіндегі қызметтік құжаттары. Сонымен қатар, А. Асқаровтың Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы Л.И. Брежневпен, Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.А.Қонаевпен бірге түскен фотосуреттері, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев және басқа да белгілі тарихи тұлғалармен фотосуреттері жарияланды – дейді көрмені ұйымдастырушылар.

Құжаттардың ішінде – А.А. Асқаровтың қамауға алынған кезіндегі туыстарымен және жақындарымен хат алмасуы, отбасылық фотосуреттері және оның есімін мәңгілікке сақтауға қатысы бар құжаттар берілген. 

Көрмеге қойылған материалдар Асанбай Асқаровтың ҚР Президенті Архивінде сақталған жеке құжаттар қорының шағын бөлігі ғана. 

Асанбай Асқаровқа-100 жыл. Құжаттар көрмесі өтті

Іс-шараға қатысушыларды Архивтің ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерделеу орталығының ғылыми қызметкері Аян Жолдасов көрме құжаттарымен таныстырды. 

«Архив және қоғам. Тәуелсіз Қазақстан тұлғалары: Асанбай Асқаров» тарихи-құжаттық көрмесі жұртшылыққа А.А. Асқаровтың өмірі мен қызметінің архивтік құжаттарымен таныстырып қана қоймай, өз өмірін мемлекетке және адамдарға қызмет етуге арнаған ерекше адамға құрмет білдіруге арналған. Жалпы ҚР Президенті Архиві 1998 жылдан бастап Қазақстанның мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткерлерінің жеке тектік құжаттарын жинақтап келеді. Бұл үлкен жұмыстар «Архив және қоғам» цикілінің аясында ұйымдастырылған бағыттардың бірі. Олардың қатарында Ә.М. Әлібеков, Ә.Т. Әлімжанов, А.Х. Арыстанбекова, О.Б. Батырбеков, Х.Ш. Бектұрғанов, С.О. Жандосов, С.С. Жиенбаев, Б.Ә. Әшімов, М.Қ. Қозыбаев, С.Қ. Нұрмағамбетов және т.б. бар. Алдағы қазан айының 19-21 аралығында халықаралық мамандардың қатсыуымен алғаш рет Қазақстан архившілерінің Конгресі өтеді. Конгрес жұмысындағы талқыланатын басты бағыттардың бірі – «Архив және қоғам» тақырыбындағы мәселелері болады, – дейді архив қызметкерлері.

Өзгелердің жаңалығы