Арыста жерді бүлдірген мекемеге 5 млн теңге айыппұл салынды

2 Қыркүйек 2024, 10:17
281
Бөлісу:
Арыста жерді бүлдірген мекемеге 5 млн теңге айыппұл салынды
Фото: Жер ресурстарын басқару комитеті

Түркістан облысында жерді бүлдіргені үшін жергілікті ЖШС 5 млн теңгеден астам айыппұл арқалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жер ресурстарын басқару комитетінің баспасөз қызметі атап өткендей, Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті Арыс қаласы әкімі аппаратының хаты негізінде Жауапкершілігі шектеулі екі серіктестікке қатысты жер заңдылықтарының сақталуы бойынша тексеріс жүргізді.

Белгілі болғандай тексеру субъектілері Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 337 бабының 1 тармағын бұза отырып, әрекет еткен. Топырақтың құнарлы қабатын заңсыз сыдырып алғаны үшін департамен ЖШС-ден 5 865 000 теңге айыппұл өндірді. Бұдан бөлек ҚР Жер кодексінің 148-бабының 1-тармағының 6 тармақшасына сәйкес ҚР жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы орындалуға міндетті нұсқама берілді. Нұсқама орындалмаған жағдайда ЖШС ӘҚБтК-нің 462-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады және нұсқаманы мәжбүрлі түрде орындату үшін Департамент сотқа талап арыз береді, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы