Арыстағы ХҚКО тұрғындарға қызмет көрсете бастады

3 Шілде 2019, 21:39
1909
Бөлісу:
Арыстағы ХҚКО тұрғындарға қызмет көрсете бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығы іске қосылды. Жарылыстан зардап шеккен ХҚО орналасқан ғимараттың іші-сырты аз уақыт ішінде қалпына келтіріліп, жұмыс орындары реттелді. 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 634 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Арыстағы халыққа қызмет көрсету орталығы мен ондағы әлеуметтік төлемдерді есептеу, жер кадастры, жылжымайтын мүлік құжаттарын реттеу бөлімдері де қайтадан өз жұмысын бастады. Ондағы байланыс желілері қалпына келтіріліп, ХҚО ақпараттық жүйесі іске қосылды. Тұрғындар бүгінде керекті анықтамаларды алып, жеке бас куәлігі, балалардың туу куәліктері сияқты құжаттарын ретке келтіре алады», - делінген таратылған ақпаратта. 

Айта кетейік, мемлекеттік корпорацияның Арыс қаласындағы бөлімшесінде 55 қызметкер жұмыс істейді, олардың барлығы бүгінде жұмысқа шықты.   
Бұған дейін мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін Арыста 5 мобильді ХҚО қамтамасыз етіп, халықты құжаттандыру жұмыстары жүргізілді.    

Өзгелердің жаңалығы