Арыстағы 7 мыңға жуық үйде жөндеу жұмыстары аяқталды

9 Тамыз 2019, 15:35
1279
Бөлісу:
Арыстағы 7 мыңға жуық үйде жөндеу жұмыстары аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9 тамызда Арыс қаласында 6900 тұрғын үйде негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. 2 мың тұрғын үйде шағын жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

"Арыс қаласында барлығы 9 мың құрылысшы еңбек етуде, оның ішінде 7 мыңы қаланың тұрғын үй қорын қалпына келтіруде, қалғандары әлеуметтік нысандарды қайта жаңғыртуда", - делінген таратылған хабарламада.  

17 сектордағы барлық құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде және тұрақты бақылауда. ҚР ИИДМ бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, әскери полигондағы жарылыстардан зардап шеккен барлық үй қалпына келтіріледі. 
Өзгелердің жаңалығы