Арыста саперлер қойма аумағын тазарту жұмыстарына кірісті

12 Тамыз 2019, 20:08
1601
Бөлісу:
Арыста саперлер қойма аумағын тазарту жұмыстарына кірісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Инженерлік-саперлер бөлімшелері Арыс қаласының ішкі аумағын тазарту жұмысын аяқтап, қойма аумағын тазартуға кірісті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

"Әскери қалашықты қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда. Апта сайынғы сапар барысында қорғаныс ведомствасының басшысы қойманы сапалы тазарту, сондай-ақ жергілікті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бірінші деңгейдегі маңызды міндет екенін ескере отырып, қаланы жөндеу жұмыстарын тексеріп, іс-шараны атқару нәтижелері туралы баяндамаларды тыңдады. Сапар қорытындысы бойынша Қорғаныс министрі әр қарай қалпына келтіру және жою жұмыстарына қатысты бірқатар тапсырмалар берді", - делінген таратылған ақпартта.

Арыста төтенше жағдайдың салдарын жою жөнінде қосалқы жасақтың әскери қызметшілері жұмысын жалғастыруда. Оқ-дәрі бөлшектерін іздеуге, табуға және жоюға инженерлік-саперлер топтары жіберілді. Осы аралықта олар 150 мыңнан астам қалдықтарды тапты. Бүгінгі күнге дейін саперлер 1 250,7 шаршы км аумағын толық тазартты.

"Жергілікті халықпен оқ-дәрі табылатын жерге шұғыл жететін мобильді топ жұмыс жасайды. Өз тарапынан Қорғаныс министрлігі тағы да оқ-дәрі бөлшектерін немесе күдікті заттарды тапқан жағдайда тез арада саперлер мобильді тобына хабарлауды және өз бетінше ешқандай іс-әрекет жасамауды ескертеді", - делінген таратылған ақпаратта.      

Өзгелердің жаңалығы