Арыста қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

5 Шілде 2019, 12:18
1693
Бөлісу:
Арыста қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен Арыс қаласының орталық алаңында жергілікті тұрғындарға арналған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жәрмеңкеге 50-ге жуық тауар өндірушілер, 180 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері қойылды. Өнімдер қала тұрғындарына базар нарқынан 30%-ға төмен бағада ұсынылды. 

c70005c8-c398-411c-9a32-520b0c60620d.jpg

Жәрмеңкеге жеткізілетін өнімдер барлық аудан, қалалардың даму басымдылықтарына сәйкес өндіріліп, жинақталған. 

"Айта кетерлігі, жәрмеңкеге жеткізілген ет және ет өнімдерінің жалпы көлемі - 22,5 тонна, көкөністің жалпы көлемі – 54,5 тонна, сүт өнімдерінің жалпы көлемі – 24,4 тонна, бақша өнімдерінің жалпы көлемі – 41 тонна, жеміс-жидектің жалпы көлемі – 16,7 тонна, әселдің көлемі – 2 тонна, балықтың көлемі – 5 тонна", - делінген әкімдіктің хабарламасында. 

d754b70d-86c8-4303-8184-ca143c6bccc1.jpg

Бұдан бөлек, жәрмеңкеге облысқа танымал өнерпаздар қатысып, арыстықтарға өз концерттік бағдарламаларын ұсынды. Алдағы уақытта жергілікті тұрғындарға арналған жәрмеңке жалғасын табатын болады. 

Өзгелердің жаңалығы