Арыста екі фосфор контейнері жанып кетті

6 Тамыз 2021, 21:00
3109
Бөлісу:
Арыста екі фосфор контейнері жанып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс стансасында бүгін кешкі алты жарымда Жамбыл облысынан Ресейге бара жатқан екі фосфор контейнері жанып кетті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов facebook парақшасында мәлімдеді. 

Арыста екі фосфор контейнері жанып кетті

Аудан мен облыстың барлық төтенше күштері жұмылдырылды, мұндай өртті сөндіру тактикасы белгілі. Алайда сары фосфор өте ұзақ уақыт күйіп кетеді және қатты түтінмен бірге жүреді, желдің бағыты өзгерген жағдайда, тұйыққа жақын орналасқан шағын аудан тұрғындарының денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аудан әкімдігі эвакуация жүргізуде. Барлық эвакуацияланғандар қала мектептерінің бірінде ыстық тамақпен және түнеумен қамтамасыз етіледі.

Жағдай бақылауда. Мен өзім оқиға орнына барып шықтым, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы